Тоқаев жаңа Үкімет мүшелерін тағайындады
Тоқаев жаңа Үкімет мүшелерін тағайындады
© inform.kz
373
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкімет құрамын бекітті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.  Президенттің Жарлығында былай делінген: Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Тағайындалсын:
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі; Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі; Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.