Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12 орынға көтерілді, деп жазады Vesti.kz.
Бүгін, 16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды.
13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған. 11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.
Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева 1400 ұпаймен 42-орынға жоғарыласа, Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шыққан.