Мегаполистерде коронавирус өршіп барады – Үкімет басшысы
Мегаполистерде коронавирус өршіп барады – Үкімет басшысы
Фото: matritca.kz
346
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов коронавирус дендеп бара жатқанын айтты.

«Бүкіл өңірде коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті. «Сары» аймақтағы Түркістан облысынан өзге өңірлерде эпидемиологиялық ахуал ушығып, 16-сы «қызыл аймақта» тұр. Науқастардың ең көбі, астана мен Алматы қаласында, Қарағанды және Атырау облысында тіркеліп отыр. Эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет. Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың өршуіне әкеп соғатынын түсінуіміз керек. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмысын барынша күшейткен жөн», – деді Смайылов.

Сондықтан Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында ПТР тест алу, ал астана мен Алматы, Шымкент қаласында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакциналау қарқынын үдету қажет.

Бүгін 9 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.