Банкрот болу қиын емес
Банкрот болу қиын емес
© коллаж: Елдар Қаба
534
оқылды
Елімізде берілген несиенің көлемі 17 трлн теңгеге жуықтады. Бір қара­ғанда мұндай ғаламат қаржыны азаматтарымыз төлей ала ма деген сұрақ туады. Себебі берешегін қайтара алмай, суицид жасаған адам қаншама? Былтыр Алматыдағы Ақбұлақ оқиғасын ұмыттық па? Енді ел үкіметі «Жеке аза­маттардың банкроттығы» туралы заң жобасын жазып шықты. Заң қа­былданса, азаматтар өзін банкрот жариялап, несие төлеу міндетінен бо­сатылуы мүмкін. Онда банк ұтылады. Бұл заң қаржы нарығының астан-кестенін шығармай ма?

Жалпы қарыз – 17 трлн

Сонымен, Ұлттық банктің былтырғы 1 желтоқсан күнгі мәліметінше, еліміздегі жал­пы несие сомасы 16 993 905 млн теңге екен. Осы 17 триллион теңгеге жуық ақ­ша­ның шамамен жартысы бизнеске, ал жар­тысынан астамы халыққа тиесілі. Яки, бұл жерде сөз болып отырған 9,6 трлн тең­ге тек екінші деңгейлі банктерге қатысты. Одан бөлек, микроқаржы ұйымдарына қа­рызы тағы бар. Осы ретпен алғанда ха­лық­тың қарызы – 10 триллион шамасында. Бұл аз ба, көп пе? «Халықтың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар алдындағы берешегі өте жоғары. Оның екі түрлі себебі бар деп санаймын. Біріншісі – адамдардың төлем қабілетінің төмендеуінен. Өйткені 2020 жылғы пандемия олардың көптеген жос­парын, мүмкіндіктерін өзгертіп жі­бер­ді деуге болады. Көптеген адам тұрақты жұ­мыстарынан айырылып қалды. Сон­дық­тан да олардың алған несиелерін қай­тару мүмкіндіктері қиындай бастады. Мұ­ны форс-мажорлық жағдай деп айтуға бо­лады. Екіншіден – Қазақстанда не­сие­нің қол­же­тімділігі өте жоғары. Ол тұтыну­шылық бол­сын, қолма-қол болсын, кепіл­дік­ бол­сын, несие түрлері өте көп. Әрі олар­­ды алу да салыстырмалы түрде оңай», – дейді эко­номист Бауыржан Ысқақов. Шетелде банк­тердің несие портфелінің 75%-ы биз­нес­ке, 25%-ы жеке тұтынушыға жұмсалса, бізде кері­сінше. Сондықтан да мұнда қарыз адам­­дарды сотқа беріп, сот орындау­шы­лар­дың тәлкегіне итере сал­май, оңалту те­тік­терін енгізу қажет-ақ. «Бізге «Жеке тұлғаның банкроттығы тура­лы» заң, әрине керек. Бұл мәселе екі жыл­дан бері айтылып жүр. Бірақ тек Қар­жы министрлігі ғана емес, бірнеше ве­домс­тво төңірегінде шешілетін болған­дық­тан, кейінге шегеріліп келеді. «Таяқ­тың екі ұшы бар...» демекші, өзін банкрот деп жариялаған адам одан кейін брокер болып, бухгалтер болып, тағы да басқа қызметтерді атқара алмайды. Несие ала алмайды. Бірақ, жалпы алғанда ол жеке тұлғаға да, банктерге де тиімді про­цедура болар еді», – дейді Бауыржан Мұрат­бекұлы.

Несие рақымшылығы қажет пе?

Бұл тұста несие рақымшылығы да ой­ла­натын мәселе. Өйткені ол азаматтарға тиімді болуы мүмкін, бірақ мемлекет үшін үл­кен шығын. Әрбір адам несие алған кезде өз мүм­кіндігін дұрыс бағалай білу керек. Бұл проб­леманың туындайтын бір себебі – біздің азаматтардың қаржылық сауат­­ты­лығының төмендігінде. «Көтере ал­майтын шоқ­парды беліңе байлама» де­ген секілді, әркім өзінің әлін білгені дұрыс. Біз хабар­лас­қан бірқатар экономис­тің пікірі осыған сая­ды. «Мемлекет мұндай қадамға барады деп ой­ламаймын. Өйткені банк дегеніміз – мем­лекеттің негізі, олар халықтың несие­сін кешіретін болса, күйреп тынуы мүмкін. Бұдан мемлекетке қауіп келеді. Әйтсе де, жағ­дайы өте мүшкіл кейбір адамдарға қа­тыс­ты ішінара рақымшылық жасаған дұрыс деп санаймын. Оны ақпан айында на­зарымызға ұсынатын «Жеке тұлғалар­дың банкроттығы туралы» заңда қарастыру қажет. Ал жалпы бұл заңды әлдеқашан қа­былдау қажет еді. Өйткені бұл қарызға бат­қан адамдарға көп көмек болмақ. Ең бас­тысы, банкроттықты қайта-қайта жария­лап, бұл бастаманың берекесін ке­тір­меу керек. Сондықтан да неше рет жа­рия­лауға болатынына шектеу қойылғаны дұрыс», – дейді қоғам белсендісі Рүстем Жансейітов. Мамандардың айтуынша, халықтың қа­рызға белшеден батып отырғанын мойын­дайтын уақыт жетті. 9 трлн теңге – ол өте көп сома. Сондықтан мұндағы қаты­настарды реттеп, несие беру талаптарын қай­тадан күшейту қажет. Өйткені несие алғандардың басым бөлігі – кірісі төмен азаматтар. Олардың арасында студенттер мен зейнеткерлер де бар.

Банкроттық керек пе?

Ұлттық банктің мәліметінше, төлем мерзімі уақытынан асып кеткен несие­лер­дің жалпы мөлшері 676,2 млрд теңге екен. Қар­жы сарапшыларының пікірінше, мұн­дай проблемалық несиесін өтей алмай жүр­ген азаматтардың бәрі потенциалды банкрот адамдар! Өйткені олардың ара­сында несиесін жабу үшін несие алған адам­дар да аз емес. Мәселен, еліміздегі эко­номикалық белсенді 18 бен 63 жас ара­лы­ғындағы халық саны 9 миллион десек, бұл бір адамның жоқ дегенде мың теңге не­сиесі бар деген сөз. «Менің ойымша, бұл цифрларда тұрған еш­теңе жоқ. Әзірге оны соншалықты қор­қы­нышты деп айта алмас едім. Өйткені олар­ды қайтара алып отыр. Мұндағы қор­қыныш адамдардың несие алуға не үшін барғанында. Олардың көпшілігі несиені бүгінгі жағдайын жақсарту үшін емес, жағдайы төмендеп кетпеу үшін алды. Осы уақытқа дейін олар ертеңгі күні бәрі жақсы болып кетеді деп сенді. Бірақ жағдай қиын­дай түсті, қымбатшылық қысып бара­ды, оның үстіне несие ауыртпалық салып отыр. Енді бұл жағдайдан шығуды осы бастан шындап ойлану қажет. Әлі де кеш емес. Банкроттыққа жіберу өте ұтым­ды жол болғанымен, оның да өзіндік сал­дары бар. Адам одан кейін ұзақ мерзімге не­сие алу мүмкіндігінен айырылады. Бел­гілі бір жұмыстарға тұра алмайды. Бәлкім, бан­кроттықтың қазақстандық моделін ойлап табу қажет болар? Өйткені мемлекет те, жеке тұлға да зардап шекпеуі тиіс», – дей­ді экономист Алмас Чукин. Елімізде банкрот деп тану мәселесі әзір­ге тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіп­кер­лерге қатысты қолданылады. Ал жеке тұл­ғаға қатысты тек шетелде бар. Бұл тә­жіри­бені Ресей 2015 жылы бастаған екен. Оны ұйымға болсын, жеке адамға болсын қары­зы 500 мың (теңгемен 3 миллиондай) рубльден асатын, төлемегеніне 3 айдан ас­қан кез келген азамат бастай алады. Одан бөлек, ауырып қалған, жұмыстан шы­ғып қалған, мүлкі бүлінгендер де осы про­цедураға жүгінсе болады. Жүзеге асыру­дың екі жолы бар – сот ақылы (ақылы) немесе арнайы орталық арқылы (те­гін). Мұндай жағдайда банкрот адам­ның несиесіне пайыздық үстемеақы, өсімпұл және айыппұл жүрмейді. АҚШ-та тәртіп одан қаталдау. XIX ғасырдан келе жат­қан бұл процедурада, егер борышкер кре­диторды алдап, банкрот болған болса, мүлкі тәркіленгенімен қоса, бас бостан­ды­ғынан да айырылуы мүмкін екен. Банк­рот деп тану процедурасының өзі 3-5 жыл аралығын қамтиды. Ал танылған жағдайда несие тарихы 10 жыл сақталады. Германия бұл тәсілге 1994 жылы көшкен. Тек сот арқылы шешілетін бұл процедура да алты жылға дейін созылады екен және қыл­мыс­тық-құқықтық дәрменсіздік ретінде қарас­тырылады. Сондықтан да бұл мәсе­ле­ге біздің елде де шетелдегідей үлкен ыж­­дағаттылықпен қараған дұрыс! Өйткені бұл тәсіл бірінші кезекте кредиторларды қорғауға бағытталады. «Халық қарызға батып отыр дегенде, бірін­ші кезекте бұл мәселенің түбіріне үңілу қажет. Өйткені оның бірінші себебі – ха­лық­тың төлем қабілетінде жатыр. Егер ха­лықтың төлем қабілеті жоғары болса, бұл проблема бұлай сезілмес еді. Мәселен, баласы оқуға баратын кезде амалсыз несиеге оқу формасын алған, ауырып қалып шұғыл емделу қажет болып несие ал­ған, несиесін жабу үшін несие алғандар осы санатқа жатады. Сондықтан да бізге бұл мәселенің шешімін іздеген кезде тек сал­дарымен емес, себебімен де күресу қа­жет. Мәселен, микроэкономиканы қолға алып, халықтың айлығын өсіру мәселесін де күн тәртібінен түсірмеу қажет. Еңбекақы жо­ғары болатын болса, несиені төлеу қа­білеті де жоғары болмақ», – дейді эко­но­мист Расул Рысмамбетов. Былтырғы жыл соңындағы мәлі­мет­терге сүйенсек, орташа статистикалық от­басы бюджетінің 5%-ы несие төлеуге жұм­салған екен. Соның ішінде тұрғындары не­сиені көп алған өңірлер Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстары болған.