Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шетелде қалған қазақстандық туристер елге оралды.
Атап айтқанда, 6-17 қаңтар күндері Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтты.
17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Таиландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист жуырда елге оралады. Шетелде қалған туристер 19 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады.
Туроператорлар өз есебінен, Қазақстан елшіліктерімен бірлесіп, туристерді қонақүйлерге орналастырды.