Қаңтар қасіреті: кәсіпкер шығынға батқанын қалай дәлелдейді?
Қаңтар қасіреті: кәсіпкер шығынға батқанын қалай дәлелдейді?
Фото: kt.kz
269
оқылды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде шығынға батқан кәсіпкерлерге өтемақы төленеді, – деп хабарлайды 24.kz.

Өтемақы алу үшін кәсіпкерлер InfoKazakhstan.kz порталына кіріп, қираған дүние-мүлкінің фото, бейнесі мен құжатын тіркеуі керек. Арыз электронды цифрлы қолтаңба арқылы қабылданады. Кәсіпкерлердің шығыны туралы өтініш шамамен 5 жұмыс күн ішінде қаралады. Содан кейін берілетін өтемақы мемлекеттік бюджеттен кәсіпкердің жеке есепшотына аударылады. Бұзақылар шамамен 1 600-ден аса шағын және орта кәсіпке 95 миллиард теңгеден астам залал келтірген. Ал шығынын растайтын құжаттары жоқ кәсіпкерлер үшін өтемақы жасау мәселесі нақтыланып жатыр.
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов: «Аймақтық комиссия үш категория бойынша залалды қарастыратын болады, ол жылжымайтын мүлік, жылжитын мүлік және үшінші категория ұрланған тауар және бүлінген тауар бойынша. InfoKazakhstan.kz порталы әлі  жұмысын бастамады. Өйткені біз Үкіметтен арнайы құжаттың қол қойылып, бізге түскенін күтіп отырмыз», – деді.

Бұған дейін Алматы полициясы өртеніп кеткен қызметтік көліктерінің видеосын жариялаған еді.