Қаңтардағы қасірет: Алматы полициясы өртеніп кеткен көліктерін көрсетті – видео
Қаңтардағы қасірет: Алматы полициясы өртеніп кеткен көліктерін көрсетті – видео
Фото: polisia.kz
247
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 165 қызметтік көлікке зақым келген. Оның 53-і өртенген. Өртенген көліктердің 64-ін қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Сондай-ақ қалада 5 фронт-офис өртенді. Алмалы аудандық ПБ мен Полиция департаментінің ғимараттары бүлінді. Бүлікшілер 19 модульдік және 13 экологиялық бекетті қиратып, өртеді.   https://youtu.be/R3TQslpnAZE

Бұған дейін Алматы әкімдігі ғимаратын қайта қалпына келтіруге 20 миллиард теңге қажет екенін хабарлаған болатынбыз.