Қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайды?
Қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайды?
Фото: Aikyn.kz
575
оқылды

Ең төменгі жалақы алатын қазақстандықтар табысының 50,2%-ын азық-түлікке жұмсайды. Мұндай деректі Picodi.com сарапшылары хабарлады. Олар әлемнің 64 еліндегі ең төменгі жалақы мөлшерінің жайлы өмір сүруге қаншалықты жеткілік екенін зерттеп, рейтинг жасаған.

Қазақстан бұл рейтингте 64 елдің ішінде 56-шы орында тұр. Одан кейінгі орындарда Армения (71%), Өзбекстан (98,3%), Үндістан (59,5%) сияқты елдер бар. Рейтинг бойынша жоғары орындарда Ресей (45,9%), Беларусь (42,6%), Әзірбайжан (40,7%), Украина (36%) орналасқан. Ал Нигериядағы ең төменгі жалақы тіпті азық-түлік жиынтығына да жеткіліксіз болып шықты. ең төменгі жалақы, рейтинг Picodi.com зерттеушілері мұндай рейтинг шығару үшін азық-түлік себетін құрып, оның жалпы құнын ең төменгі жалақымен салыстырған. Себетке: нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жемістер мен көкөністер кірді. Бұл тізімдегі өнімдер ересек адамның қоректік заттарға минимал қажеттілігін қанағаттандыра алады. Мұндай азық-түлік себетінің құны Қазақстанда 2022 жылдың басында 26 460 теңге болды. 2021 жылдың басымен салыстырғанда 4,6%-ға қымбаттаған. Сүт (10 литр) — 3 310 ₸; Нан (10 нан) - 1 430 ₸; Күріш (1,5 кг) — 510 ₸; Жұмыртқа (20 дана) - 820 ₸; Ірімшік (1 кг) — 2 530 ₸; Ет (6 кг) — 11 770 ₸; Жемістер (6 кг) — 3 660 ₸; Көкөністер (8 кг) — 2 430 ₸. [caption id="attachment_180366" align="aligncenter" width="830"]азық-түлік себеті Инфографика Picodi.com сайтынан алынды[/caption] Осылайша Қазақстанда негізгі тамақ өнімін тұтыну үшін ең төменгі жалақының  50,2%-ын жұмсауға тура келеді. Айта кетейік, Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері биыл 1 қаңтардан бастап 40,9%-ға немесе 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсті. Сонда жалақыдан ұсталатын салық пен сақтандыру сомасын есептегенде ең төменгі жалақы алатын адамның қолына 52 701 теңге тиеді.