Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC алаңындағы жекпе-жегі бір саты көтерілді.
Шавкат Рахмоновтың Гайана спортшысы Карлстон Харрисқа қарсы айқасы 5 ақпан күні Амеркианың Лас Вегас қаласында өтеді, – деп жазады Sports.kz. Кездесу UFC Fight Night 200 турнирінің алдын ала кардынан басты кардына ауыстырылды. Шавкат Рахмонов үшін бұл UFC мэйн кардындағы дебют және жалпы осы промоушндағы үшінші жекпе-жек болмақ.
[caption id="attachment_180498" align="alignnone" width="740"] Фото: vesti.kz[/caption]