Алматы метросында тапанша ұстаған жігіттер төбелес шығарды
Алматы метросында тапанша ұстаған жігіттер төбелес шығарды
Фото: Zakon.kz
256
оқылды

Алматы метросында екі ер адам 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Метродағы төбелесті куәгерлердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жанжал салдарынан 20 жастағы жас жігіт жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
«Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыласын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Тексеру кешенінің қорытындысына қарай күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.