Түркістан облысында бала әжетханаға құлап кеткен. Оқыс оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елдімекенінде болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Үйдің ауласындағы тереңдігі 4 метр дәретханаға 6 жасар бала құлап кеткен.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен 3 жедел жәрдем қызметкері барды.
Құтқарушылар арқан арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне қайтты. Баланың денсаулығы бірқалыпты.