Атыраулық полицейлер балконда жалғыз қалған 4 жасар баланы құтқарды - видео
Атыраулық полицейлер балконда жалғыз қалған 4 жасар баланы құтқарды - видео
630
оқылды

Түнгі сағат 01:00 шамасында Атырау қалалық полициясына вокзалдың іргесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің балконынан белгісіз баланың секірейін деп тұрғаны жайында хабарлама түскен.  

Оқиға орнына барған полиция капитаны Гизатолла Рахметов пен полиция аға сержанты Мадиев Файзолла баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын байқап, үйінің есігін қаққан. Алайда ешкім үн қатып, есікті ашпаған. Жедел әрекет ету керегін түсінген полицейлер жоғары қарай өрмелеп, үшінші қабатта тұрған 4 жастағы баланы аман-есен құтқарып алып, үйіне кіргізді. Пәтер ішінде бүлдіршіннен басқа адам болмағаны белгілі болды. Түнгі уақытта үйде жалғыз қалған баланың ата-анасы құрбысын шақырып, уақытша қарай тұруға тастағанын айтып түсіндірген. Алайда құрбысы баланы үйге құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен. Ата-анасы ұзақ уақыт үйге келе алмауын такси қызметін ұзақ күткенімен түсіндіріп, 4 жастағы баланы қауіптен құтқарған полицейлерге алғысын жеткізді. https://youtu.be/LgOdsYE2QLw