Жоспарланған жобалар жүзеге асты
Жоспарланған жобалар жүзеге асты
333
оқылды
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ғимаратында аудандық, қалалық филиал төрағаларының бірінші орынбасарларымен мәжіліс өтті. Оған об­лыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжі­баев төрағалық етті. Күн тәртібінде 2021 жылғы атқарылған жұмыстарды зер­делеу, биылғы жоспарларды айқындау мен партияның ішкі жұмыстары қаралды. Облыстық партия филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Бейсен Дәулетұлы пар­тия­­ның атқаруға міндетті барлық бағыт­тары­на жекелей тоқталды. Облыстық және аумақ­тық филиалдарының жұмыстарындағы оң нә­тижелермен бөлісіп, сын-ескертпелер айт­ты. «2021 жыл қорытындысы бойынша пар­тия­ның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 22,6 мың адам жүгінген. Оларды қарау нәтижелері бойынша 15,8 мың мәселе оңтайлы шешіліп, 6,6 мың өтініш қаралып жатыр. Былтыр жал­пы са­ны 3 095 қоғамдық қабылдау өткізілген. Депутаттар, әкім­дер мен әкім орынбасарлары, мем­ле­кет­тік орган басшылары, тіпті заңгер­лер, ад­во­кат­тар мен медиатор қызмет­керлері пар­тия­ның облыстық, аумақтық филиал­дарын­да және ауылды жерлерде жеке, көш­пелі қо­ғам­дық қабылдаулар өткізіп, тұрғын­дар­мен жүз­бе-жүз кездесті. Әрбір арыз-өті­ніш на­зар­дан тыс қалмады. Яғни азаматт­ар­мен жұ­мыс жүргізуде айтарлықтай жетістіктер бар. Осы бағыттағы жұмыстарды тағы да же­­тіл­діруді тапсырамын» – деді Б.Тәжібаев. Сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Қамқорлық» және «Ұлт­тық мұра» партиялық жобаларына да тоқ­тал­ды. 2020 жылдан бастап «Қамқорлық» бағ­дар­ламасы бойынша 2 жылда 2 679 адам­ға көмек көрсетілді. Оның ішінде тұр­мысы төмен 66 азаматқа тұрғын үй берілсе, 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 230 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 2 293 азаматқа азық-түлік, киім-кешек үлес­тіру секілді материалдық көмек көрсетілген. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысы бойынша партияның сай­лауалды бағ­дар­ламасын іске асыру жө­ніндегі мониторинг жұ­мыстарын да тарқатып айтты. Орындалмау қаупі бар жобаларға тоқталды. «Былтырғы жыл қорытындысы бойынша сай­лауалды бағдарламадағы 1 595 іс-шараның 91,7%-ы іске асты, 6%-ы орындалу үстінде. Ал 421 іс-шараның басталу мерзімі бар. Ха­лық­тың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен ел эко­номикасын дамыту бағытында бағдарлама бар­лық саланы қамтитыны белгілі. Нақты іс-шаралар жоспарын қамтитын Жол кар­тасы бар. Енді жұмыла кірісіп, оң нәтижелерді көр­сету керек. Маңызды жобаларды қар­жы­ландыруды мәслихат депутаттарымен, жер­гі­лік­ті әкімдікпен қоян-қолтық араласып, орын­дату қажет», – деді Б.Дәулетұлы. Сондай-ақ бөлім басшылары Нұрлан Мейір­құлов пен Бекзат Біләловтің хабар­ла­ма­лары тыңдалды. Олар 2021 жылда ат­қарыл­ған жұмыстарға жүргізген талдауларын баян­дап, 2022 жылға қойылатын талаптарды айтты. Партия атынан ұсынылған облыстық, ау­дандық мәслихат депутаттарының рейтинг жүйе­сі қалыптасып, бүгінде жүйелі жұмыс іс­теп тұр. 6 ай сайын депутаттардың атқарған жұ­мыстары зерделенетін болады. Алғашқы нә­тижелер ақпан айында жарияланады.