Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
479
оқылды
Жыл басынан бері 15 мыңнан астам алматылық мұқтаж жан­ға мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы мен басқа да партиялар фракциялары тарапынан азық-түлік себеттері мен дәрі-дәр­мек сатып алу үшін ақшалай көмек берілді. Тек соңғы үш тәулік ішінде 10 ау­ру­хана азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай кезінде зардап шек­кен азаматтарға, құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлері мен әс­кери қызметшілерге қан тапсыру ұйым­дастырылып, оған қалалық мәс­лихаттың 40 депутаты мен партия бел­сенділері қатысқан. Партияның депутаттық фракция мү­шелері Г.Бекенова, М.Сүлеев, М.Фи­ногенов, З.Өмірбаева, А.Нә­биев және партия белсендісі Н.Даут түр­лі дәрежедегі жарақат алған әс­кери қызметшілерге және Ұлттық ұлан бөлімшесіне барды. Оларға қол­дау және алғыс айтылды. Сон­дай-ақ материалдық көмек көр­се­тілді. Жалпы айтқанда, нұротандықтар Алматының барлық аудандарында мұқ­­­­таждарға ақшалай көмек көрсетті. Мысалы, «Арт Сәулет» ЖШС (Бауыржан Қайын­­­баев) және Ordabasy Group корпорациясы (Сабыр­жан Зайнидинов) қайырымдылық көмекке 35,5 млн теңгеден, «Атрикс-Строй» ЖШС (Әміржан Нәбиев) 21 млн теңге, «Каз­ФерроСталь» ЖШС (Аида Бекманова) 6,8 млн теңге және «АЗМК» ЖШС (Шухрад Шардинов) 6 млн тең­ге бөлді.