Партия халыққа көмек көрсетті
Партия халыққа көмек көрсетті
164
оқылды
«Nur Otan» партиясы қа­шанда халықпен бірге екенін көрсетіп, өзінің барлық күш-қуатын халықты қолдауға, елдікті сақтауға және тұрақ­тылықты қамтамасыз етуге бағыттайды. Елімізде болған төтенше жағдайдан соң пар­тияның барлық ресурсы Мем­лекет басшысының елдегі тұ­рақтылықты қамтамасыз ету­ге бағытталған тапсырма­ла­рын орындауға жұмыл­ды­рылды. Алматыда кәсіпкерлер, меце­наттар, мәслихат депутаттары қа­тарынан «Nur Otan» партиясының жүзге жуық белсендісі әскери қыз­метшілерге, патрульдік-күзет­ші­лерге, метрополитен мен қаланың коммуналдық қызметкерлеріне гу­манитарлық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. «Nur Otan» па­р­тиясы депутаттық фракция­сы­ның мүшелері мен партияның Ал­маты қалалық филиалының бел­сенділері, сондай-ақ праймериз қатысушылары Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев, Талғат Тілешев және басқалары аудандық әкімдіктермен, Rahym әлеуметтік үйімен бірлесіп, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен, ыстық та­мақ­пен қамтамасыз етті. «Каз­Ферро­Сталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайырымдылық мұқ­таж­дықтарына және қаланы абат­тандыруды қамтамасыз етуге 4,5 млн теңге, ал «АЗМК» ЖШС жа­нын­дағы бастауыш партия ұйы­мына 6 млн теңге бөлді. Әуезов ау­данында аз қамтылған тұр­ғын­дарға 6,5 млн теңгеге, Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді. «Jas Otan» Жастар қанаты еріктілерінің күшімен екі мыңнан астам әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен коммуналдық жұмыс қызметкерлері 6 қаңтардан бастап үздіксіз ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Гуманитарлық көмекпен Алматының 10 жоғары оқу орны мен колледждерінің 2 мың студенті қамтылды. Осы сағатта Алматы қаласының барлық ауданына шамамен 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады. Қазір «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыс көле­мінде ауқымды жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Жергілікті меце­наттардың, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының, «Jas Otan» Жастар қанаты мен партия белсенділері тарапынан 7 қаңтардан бері әскери және полиция қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетілді. Оның ішінде облыс аумағында блок-бекеттерді қою мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты арнайы бекет құратын турникеттер жеткізіп берді. Еріктілер жасағы күнделікті блок-бекеттегі адамдарға ыстық тамақ және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде. Мәселен, Қа­расай ауданында «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесінің ұйым­­дастыруымен ауыл тұрғын­дарына азық-түлік, ұн таратылған болса, Талдықорған қалалық мәс­лихат депутаты, фракция жетекшісі А.Жазықбаев ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға азық-түлік се­беттерін таратты. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары Ж.Жазықпаева, А.Сүлейменов, С.Нұрдәулетов, С.Шеңгелбаев, Б.Абишов, Д.Каримов және партия жақтасы В.Өмірбеков, Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары Қ.Жұмабаева, Ә.Манликов пен «Білім» БПҰ мүшелерінің ұйым­дастыруымен облыс көлемінде орналасқан блок-бекеттерге ыстық тамақ жеткізілді. Бүгінде партия мүшелері мен жақтастарының қолдауымен 10 000 литрден астам жанар-жағармай және 7 млн теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетілді. Облыс көлемінде құрылған қоғамдық пікір көшбасшылары, фракция мүшелері мен БПҰ төрағалары жеке аккаунттарынан Жетісу жұрт­шылығын бірлік пен сабырға ша­қырып, посттар жариялап жатыр. Батыс Қазақстан облысында да осы тектес жұмыстар жүзеге асы­рылып келеді. Фракция мүшелері қаланың барлық 20 округіне бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндіру бойынша рейдтер жүргізді. Қалалық және облыстық фракцияның депутат­тары құқық қорғау органдарына ыстық тамақ ұйымдастырды. Қала орталығының CALL байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар, ұсыныстарға БПҰ бас­шылары мен фракция депутаттары өздеріне сеніп тапсырылған округ­терге облыстағы жағдай туралы хабарлап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты еріктілері блок-бекеттердегі тәртіп сақшыларына 50-ден астам ыстық тамақ пен дәруменге толы жеміс-жидектер таратуды ұйымдастырды. Орал қаласында «Халық сақшысы» жасақтары құрылды. Тұрғындар қаладағы қауіпсіздікті сақтау, қоғамды тұрақтандыру мақсатында құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлеріне көмектесу үшін біріккен. Олардың ішінде спортшылар және өзге са­лаларда қызмет ететін волонтерлер бар. Өндірісте жұмыс істейтін 500 ерікті қаладағы тәртіп сақшы­ларының қасына жиылып, көмек етуге дайын екендерін жеткізді. Қаланың тыныс-тіршілігіне бей­жай қарамайтын еріктілер қоғам­дық тәртіпті сақтау үшін бар ын­тасын салып көмектесіп жатыр. 100-ден астам жасотандық бел­сенділер коменданттық сағаттың талаптарын сақтау жөніндегі тү­сіндірме үн қағаздарын таратып, мұқтаж жандарға демеушілердің көмегімен азық-түліктер жеткізуді тоқтатқан емес. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев­тың айтуынша, қазір ат­қару­шы органдардың, қарапайым партия мүшелерінің, қоғамның үйлесімді жұмысының арқасында облыста жағдай тұрақты. «Nur Otan» партияcының Жам­был облыстық филиалы Мемлекет басшысын қолдай отырып, елдегі тұрақтылықты қайта қалпына кел­тіруге атсалысып келеді. Арандату­шылардың сөзіне еріп, облыс ор­талығына тәртіпсіздік белең алған уақытта бірқатар партияның мү­шелері, халық қалаулылары жинал­ғандарға басу айтып, тәртіпке шақырды. Қазір партия мүшелері, кә­сіпкерлер және көптеген ерікті бірлесе отырып, тәртіпсіздік уақы­тында зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыста­рына кірісіп кетті. Атап айтқанда, олар облыс аумағындағы блок-бекеттердегі тәртіп сақшыларын ыстық аспен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ облыстық филиалдың қызметкерлері мен белсенді партия мүшелері жарақат алғандар үшін қан тапсырды. Шымкент қаласында да филиал тарапынан бірқатар жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Қалалық фи­лиалдың өртенуіне байланысты қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарова және фракция жетекшісінің орынбасары Sairam-Orkeniet БПҰ төрайымы, Сайрам көмекші-интернат колледжінің директоры Жадыра Таңатарова өздерінің жеке есептерінен ғи­маратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық фракция мүшелері күнделікті қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған еріктілер мен әскери қызметкерлерге тамақ тасып жүр. Фракция мүшелері, меценат, «Са­нали групп» ЖШС директорының орынбасары Байкен Әшірбаев және кәсіпкер-меценат Мұрат Жолдыхожаев тәулік бойы қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құрып, өз үлесін қосты. М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарованың және ОҚПУ проректоры, «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі ай­мақтық қоғамдық кеңес төрайымы Баршагүл Исабектің жетекші­лігімен университеттердің ұжымы және студенттер төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен нау­қастар үшін қан тапсырды. Қала­дағы филиалдың 35 қоғамдық пікір көшбасшылары мен барлық фрак­ция мүшелері, 51 БПҰ төрағалары, 11 аймақтық кеңес төрағалары мен мүшелері және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жеке аккаунттарында жұртшылықты бірлік пен сабырға шақыратын пост жариялады. Бүгінде әр аймақта барлық партия мүшесі мен жақтастары өздерінің адал еңбектерімен, жеке қаражаттарымен бұзақылар қолы­мен бұзылған ғимараттарды қал­пына келтіруге көмектесіп жатыр. Сондай-ақ тәртіп сақшыларын ыстық тамақпен, жекелеген гигие­налық заттармен қамтамасыз етіп жүр. Бұл жұмыстар жер-жерде асқан ұйымшылдықпен жүргізіліп жатыр. Ел тұтастығын сақтау мақ­сатында бүкіл халық жұдырықтай жұмылып, бұл қиындықтан да бірге өтетініне сенім білдіреді.

Әбілмансұр ЖАСАН