«Көлігімізге 14 оқ тиді» – жамбылдық полицей әріптесінің қалай қаза тапқанын айтты
«Көлігімізге 14 оқ тиді» – жамбылдық полицей әріптесінің қалай қаза тапқанын айтты
385
оқылды

«Қанды қаңтар» оқиғасының ызғары әлі басылмайтыны анық. Күн өткен сайын түрлі жағдайлардың беті ашылып, қақтығыстың бел ортасында болғандар бастан кешкендерін айтуда. Міне, сондай азаматтың бірі - Жамбыл облысының уческелік инспекторы, полиция капитаны Нұрсұлтан Қозиев әріптесі Рахат Сланбековтың қалай қаза тапқанын жанарына жас алып еске түсірді.

«2022 жылдың 4 қаңтары, кезекті жұмыс күні. Бізге бейбіт митинг болатыны және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды. Шеру облыстық әкімдік алаңынан басталды. Дегенмен қарсылық таң атқанша жалғасты. Әрине біз бейбіт шеруге шыққандарға күш қолданған жоқпыз. Керісінше, қарсылық танытушыларды сабырға шақырдық. Біздің тарапымыздан ешқандай күш көрсету болған жоқ. Соған қарамастан қарсылық тоқтаған емес. Менде және әріптестерімде қару болмады. Себебі бізге оқ атуға рұқсат берілмеді. Дегенмен біз алаңға жетем дегенше атыс басталып кетті. Мен айналамда не болып жатқанын түсінбедім. Орталық алаңда біз білмейтін адамдар бізге қарай оқ жаудырды. Тоқтамай атты. Сол сәтте менің арқама оқ тиді. «Рахат, Рахат арқам ауырып барады деп әріптесіме қарасам, ол етпетінен жатыр. Тілге келмей жан тапсырды. Негізі көлік ішінде үш адам болғанбыз. Машинаға бас-ағы 13 оқ тиген. Соның біреуі әріптесімізді ажал құштырды», – дейді Нұрсұлтан Қозиев.