Жамбылда оқушының тырнағын қанағанша алған мұғалім қызметтен кетті
Жамбылда оқушының тырнағын қанағанша алған мұғалім қызметтен кетті
© azattyq-ruhy.kz
754
оқылды
Мектеп мұғалімі оқушының тырнағын қанағанша алған. Бүгін Жамбыл облысы Ақбұлым ауылы Бесбаев мектебінен шыққан шу әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жазбаны іліп алып кеткен қоғам белсенділері  бұл барып тұрған қатыгездік деп бағалады. Ал кейбір аналар 5 «б» сыныбының мұғалімі Перизет есімді ұстаздың қызметтен кетуін талап етті. Желіде желдей есіп, министрлікке дейін жеткен мәселеге облыстық білім басқармасы араласып, жеке парақшаларында ресми жауап берді.
 «Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында орын алған жағдайға байланысты төмендегіні хабарлайды. Жамбыл ауданы білім бөлімі тарапынан аталған мәселе шұғыл зерделеніп, кінәлі тұлғаларға қатаң түрде тиісті шаралар қолданылды. Нақтырақ айтсақ, ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша мұғаліммен еңбек шартын бұзу ұсынысы жолданды. Ұсынысқа сәйкес мұғалім жұмысынан босатылды. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», - деді басқарма мәлімдемесінде.
Осылайша тырнақ аламын деп, мұғалім жұмыссыз қалды. Басқарманың шешімін қазір қолдап жатқандар көп. Алайда «бұл тым қатал жаза» дейтіндер де табылуда.