Партия өкілдері дәріханаларды аралады
Партия өкілдері дәріханаларды аралады
286
оқылды
Тараз қаласында эпидахуалға байланысты аймақ тұрғындары үшін қажетті дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерде болуы мен олардың бағасының тұрақтылығы зерделенді. Рейдке мәслихат депутаттары, Партиялық бақылау ко­миссиясы мен партия фи­лиа­лы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі кеңестің мүшелері шығып, олар облыс орталығында орналасқан бірнеше дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына талдау жүргізді. Аталған іс-шара барысында «Әмір жә­не Д», «Лия-ФАРМ», «Эко­ном-Плюс», «Коныс және Б», EUROPHARM, «Садыхан» жә­не т.б. бірқатар дәріхана­лар­­дағы дәрі-дәрмек бағасы тек­серілді. Зерделеуден өткен барлы­ғы 12 дәріхананың меңгеру­шілеріне санитария талаптары жөнінде ескертулер айтылды. Сонымен қатар дәрі-дәрмектердің шекті бағаларының кез келген сатып алушыларға қол­жетімді болуы жөнінде ақ­параттандыру жұмыстары жүр­гізілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ми­нистр­­лігінің 2021 жылғы 27 та­мыздағы «Өндірушінің дәрі­лік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дәріханаларға тексеру тобының тарапынан бұйрық талаптарын қатаң сақтау және өзге де бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.