Бразилиялық футболшы Қазақстан құрамасынан шақырту күтіп жүр
Бразилиялық футболшы Қазақстан құрамасынан шақырту күтіп жүр
431
оқылды

Елордалық «Астана» командасының қорғаушысы Брайан Сильва алдағы уақытта Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткісі келетінін айтты.

30 жастағы қорғаушы жаңа маусым басталар тұста елордалық клубқа ауысты. Осы орайда ол тілшілерге арнайы сұқбат берді Әңгіме барысында бразилиялық футболшы Қазақстан құрамасы сапында ойнауға қарсы емес екенін жеткізді.
– Қазақстанға алғаш келіп, «Атыраумен» келісімшарт жасаған сәттен кейін мықты клубқа ауысу туралы ойландым. Сол мақсатым елордалық клубқа келгенде жүзеге асты. «Астана» – Қазақстандағы ең үздік клубтардың бірі. Мен клубтың ұсынысын бірден қабылдап, ауысуға келісімімді бердім. Шындыққа тура қарау керек, қазіргі уақытта Бразилия құрамасына шақырту алу мен үшін мүмкін емес. Ал Қазақстан құрамасынан шақырту түссе қуана келісер едім, – деді Сильва.

Еске салайық, өткен маусымда қорғаушы «Атырау» сапында Қазақстан чемпионатында 29 кездесу өткізіп, 5 голды еншісіне жазды.