Бүлік болған өңірлерге мамандар аттанады
Бүлік болған өңірлерге мамандар аттанады
© коллаж: Еркебұлан Дуйсеболатов
318
оқылды
«Қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысқандардың қыл­мыс­қа қатысты әлде қатысты еместігін анықтау үшін арнаулы біліктілігі бар мамандар қажет болып жатқан көрінеді. Осыған байланысты елдің біраз өңірін қамтыған тәртіп­сіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істейтін 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды. Қазір Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істеп жатыр. Бұл жайында Үкіметтің баспасөз қыз­меті хабарлады. Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізіп жатыр. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалып­ты режимге ауысты. Қағаз­бастылыққа салыну және жұмыс мерзімін кешіктіру жағдайлары жоқ көрінеді. Жалпы, Алматы қаласында 5 бағыт бойынша, атап айтсақ, құрылыс, тауартану, өрт техника­лық, баллистикалық және эко­номикалық сараптамалар жүр­гізілуде.Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақса­тында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысы кірген қосымша резерв құрды: эксперттердің көп­шілігі экономикалық сараптамаға маманданған. 2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге аттанады. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылатын болады. Осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізілуде.