Жол апаты салдарынан жолаушы көлікке қыстырылып қалған.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда Семейдегі Селевин-Бозтаев көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан.«Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің ішінде әйел адам қыстырылып қалған. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 50 жастағы жолаушыны алып шығып, жедел жәрдем дәрігеріне тапсырды», – деді департамент өкілі.