ШҚО тұрғыны өз үйінде марихуана өсірген
ШҚО тұрғыны өз үйінде марихуана өсірген
411
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері қаңтар айында есірткі заттарының заңсыз айналымына Өскемен қаласы тұрғынының қатысы барын анықтаған. Оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде жедел уәкілдер марихуана өсіріп, көбейтуге арналған сырт көзден таса орналасқан есірткі зертханасын тапты. Ыдыстағы есірткі өсімдіктері белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталатын екі қосалқы бөлмеде өсірілген.
«Тінту кезінде 154 түп марихуана анықталды, есірткі затының жалпы салмағы 19 келіні құрайды. Соттың санкциясымен қамауға алынған 40 жастағы күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сараланады, оның санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.