Жаңа жоспар бекітілді
Жаңа жоспар бекітілді
270
оқылды
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген Жол картасының орын­далуын бақылау мақсатында «Ұлт денсаулығы» мәсе­лелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес кеңес тө­рағасы Есенбек Серкебаев ұйымға жаңадан қабылданған мүшелерді таныстырып өтті. Олар: Ә.Төлебаев – Шымкент қа­ласының бас санитар дәрігері, А.Омар – Шымкент қалалық №3 емхананың бас дәрігері, А.Донбай – Шымкент қалалық №1 аурухананың бас дәрігері және Е. Сәлім – Оңтүстік Қазақ­стан медициналық академия­сының Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқарма­сының басшысы. Сонымен қатар кеңес төра­ғасы Есенбек Серкебаев 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, кеңестің 2022 жылы атқаратын жұмыстарын баянда­ды. Атқарылған жұмыстар бо­йынша кеңес мүшелері тара­пы­нан жылы пікірлер айтылып, алдағы жылдың жұмыс жоспары бекітілді.