Эпидемиологиялық ахуал: Маңғыстау «сары» аймаққа өтті
Эпидемиологиялық ахуал: Маңғыстау «сары» аймаққа өтті
Фото: news.myseldon.com
320
оқылды

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Қазақстанда өткен тәулікте 7149 адамнан коронавирус анықталды.