Әлеуметтік осал топтарға қамқорлық керек
Әлеуметтік осал топтарға қамқорлық керек
563
оқылды
Нұротандықтар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мәселелеріне ерекше мән береді. Осындай бір игілікті шара «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Алатау ауданында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлімінде жүзеге асты. Қабылдау бөлмесіне «Мұзбалақ» мүгедектер қоғамында қызмет ететін ерлі-зайыптылар Майшиевтер өтініш айта келген. Бұл отбасының отағасы да, оның жұбайы да І топтағы мүгедек. Кембағал жандар партия филиалына үйлеріне интернет қызметін қосу өтінішімен жүгінді. Мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұрымбек Тау бұл отбасының баспанасын интернет-байланыс қызметіне қосу үшін интернет-провайдерге 66 мың теңге төледі. Ал партияның Алмалы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөліміне бала кезден ІІ топтағы мүгедектігі бар Қ.Баев «Қазпошта» АҚ-ның үстінен шағымданған. Себебі аталған мекеме арызданушыға мүгедектік бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақының берілуін кешіктірген. «Қазпошта» АҚ қызметкерлері өз кінәларын мойындап, арызданушыдан кешірім сұрады және сол күні жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеп берді.