Тұман, көктайғақ, бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
182
оқылды
Синоптиктер  бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты шығыстан батысқа ауысады, облыстың орталығында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. 06-07 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қ: күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: кей уақытта көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда күші 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Шымкентте күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.