Өскеменде мемлекетке 30 миллион теңге қарыз кәсіпкер қолға түсті
Өскеменде мемлекетке 30 миллион теңге қарыз кәсіпкер қолға түсті
256
оқылды

Кәсіпкер басқарған ЖШС банкрот деп танылып, иесі бір жылға жуық іздеуде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабрлауынша, 1989 жылғы азамат "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде қолға түскен. «Өз кәсібін жүргізу кезінде күдікті салық төлемегендіктен 29 799 087 теңге сомасында мемлекет кірісіне берешегі бар екені анықталды. Ол басқарып келген ЖШС банкрот деп танылып, субсидиарлық жауапкершілікке тартылды. Бірақ сот шешімін орындау барысында сот орындаушыларына борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Көші-қон полиция қызметімен бірлесіп борышкердің мекенжайын анықтап, ұстады. Ұстау туралы ақпарат сот орындаушысына табысталды», - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула.