Полицияның мәліметінше, Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Бейтаныс әйел оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп сеніміне кірген. Сөйтіп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алып, ізім-ғайым жоқ болған. Шығын көлемі – 500 мың теңге.
Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті қолға түсті. Қарағанды облысының тұрғыны екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.