14 ақпаннан бастап оқушылар мектепке барып оқиды
14 ақпаннан бастап оқушылар мектепке барып оқиды
Фото: twitter.com/turkistan_media
699
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин талабы жеңілдейтінін айтты.

Тоғжанов  24 қаңтардағы Президент тапсырмасына сай, бизнеске жағдай жасау үшін негізгі карантиндік шектеулер алынатынына тоқталды.
«Сондай-ақ шетелге барып-келу талабы жеңілдетіледі. Келесі апта, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», – деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін шекарадан өту тәртібі өзгергенін хабарлаған едік.