Дене шынықтыру сабағы далада өткізілмейді – Білім басқармасы түсініктеме берді
Дене шынықтыру сабағы далада өткізілмейді – Білім басқармасы түсініктеме берді
419
оқылды
Бірнеше күн болды Өскеменнің аспаны тұманданып, мұнартып тұр. Желдің жоқтығынан қаланы көк түтін басқан. Мектеп оқушыларының кейбірі сабақтан үйге келген соң тамағы ауырып, жөтеле бастаған. Кеше осыған орай бір топ ата-ана дене шынықтыру сабағының далада өтетініне наразылық білдірді.
«Біз Төтенше жағдай департаментінен қолайсыз метео жағдай туралы ақпаратты алған соң бірден оқу орындарына таратамыз. Желсіз күндері дене шынықтыру сабағы далада өткізілмейді, балабақшаларда да балаларды серуенге шығаруға болмайды», – деп түсініктеме берді бұл жағдайға байланысты облыстық білім басқармасы.
Өскеменде экологиялық жағдайдың мәз болмай тұрғанын «Қазгидрометтің» жергілікті филиалы да растады.
«1 ақпан мен 7 ақпан аралығында ауаның ластануының шекті деңгейден асуының 185 жағдайы тіркелді» делінген олар таратқан ақпаратта.