Қазақстанда доллар бағамы күрт қымбаттады
Қазақстанда доллар бағамы күрт қымбаттады
Фото: zemlyaki.name
342
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті.

Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 2,49 теңгеге өсті. Доллардың орташа бағамы – 428,59 теңге. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,76 теңге. Алматыда бүгін доллар 429, 08 теңгеден сатылса, сатып алу – 430,73 теңге. Астанада  доллар 428,62 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу құны – 430,03 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк интервенция жасағаны туралы жазған болатынбыз.