Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
291
оқылды

Бүгін, 12 ақпан, сағат 10:15 кезінде Ақкөл қаласының кезекшілік пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен жеке құрамның 7 адамы жұмылдырылды. 

"Оқиға орнына барған кезде 3 адамның жеңіл термиялық күйік алғаны белгілі болды. Зиян шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың бірі жағдайы тұрақты болғандықтан үйіне жіберілді. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", - деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов.
 width=Сондай-ақ, жалпы аумағы 7 шаршы метр болатын қазандыққа зақым келгені белгілі болды.  width=
"Өрт 10:24-те оқшауланып, сағат 10:29 кезінде толықтай сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрт газ баллонын жылыту пешінің жанына қойғандықтан болған", - деп қосты Думан Дәлешов.