Оқушы ҰБТ тапсыру үшін телефонын кекс ішіне жасырған
Оқушы ҰБТ тапсыру үшін телефонын кекс ішіне жасырған
237
оқылды

Талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге телефонын кекс ішіне жасырып кірген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады. 

"Модем және ұялы телефон қосылған тәтті десерт. Креативті тестіленушілер бізді таңғалдырудан жалықпайды. Кезекті суретте сіздердің назарларыңызға кекстің ішіне тыйым салынған заттарды алып кірген талапкердің шығармашылық жұмысын ұсынамын. Бірақ оның бұл қулығы біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады", - деп жазды орталық директоры.
Сондықтан оған креативті жұмысы үшін «140», ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне «0» деген балл беріледі.
"Құрметті тестіленушілер! Сіздерге ҰБТ-да смартфонға емес, тек өз біліміңізге сенуге кеңес беремін", - деп қосты Руслан Емелбаев.