ШҚО тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салды
ШҚО тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салды
409
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Көгедай ауылының тұрғыны шыны бөтелкелерден монша тұрғызды. Бұл туралы «24.kz» сайты жазды. Бақытбек Бостаев ерекше нысанды салуға 6 мыңға жуық бөтелке пайдаланғанын, екі ай уақытын сарп еткенін айтады.
«Бұрын жәй моншам болған. Мына моншаны интернеттен көріп, «неге салмасқа?» деген ой келді. Меніңше, жаман шықпаған секілді. Ең бастысы, өте жылы, шынылар буланбайды, моншаның іші тез ысиды», –дейді ол.
Бөтелкелерді жинауға ауыл тұрғындары көмектесіпті. Шебер алдағы уақытта осы әдіспен шағын жаздық сарай салуды жоспарлап отыр.

Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы