Ғалымдар өмір сүруге қолайлы тағы бір ғаламшарды тапты
Ғалымдар өмір сүруге қолайлы тағы бір ғаламшарды тапты
477
оқылды
Зерттеушілер бұл ғаламшар “ақ ергежейдің” жанында табылғанын атап өтті. Электронды ядролық плазмадан тұратын бұл жұлдыздар термоядролық энергия көздерінен айырылған және жылу энергиясының арқасында миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп салқындап жатыр. Егер бұл ғаламшардың бар екені нақтыланса, бұл ақ ергежейлінің жанынан табылған тарихтағы алғашқы ғаламшар болмақ. Сарапшылар планета өмір сүруге қолайлы тым суық емес және тым ыстық емес жерде орналасқанын атап өтті. "Бұл ақ ергежейдің аймағынан өмір сүруге қолайлы жерден табылған алғашқы ғаламшар. Осылайша, ақ ергежейдің айналасында өзге әлемде өмір сүру мүмкіндігі бар", – деді Лондон университетінің колледжінің профессоры Джей Фарихи. Ғаламшар Жерден 117 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Алайда ғалымдар бұл нақты ғаламшар екендігі туралы дәлелдер жоқ екенін де айтады. Бірақ олар осы аймақта Айдың көлемімен бірдей 65 ғарыштық элементтердің қозғалысын байқаған.