Жексенбіде Украинаның олигархтары мен бизнесмендерінің 20 чартерлік рейсі елден ұшып кетті
Жексенбіде Украинаның олигархтары мен бизнесмендерінің 20 чартерлік рейсі елден ұшып кетті
©А.Ахметқазы
253
оқылды
Украинаның олигархтары мен бизнесмендері Киевтен чартерлік рейспен жаппай кетіп жатыр. Жексенбінің өзінде ел астанасынан жиырмаға жуық чартерлік рейс пен жеке ұшақтардың ұшып кеткенін байқауға болады. Бұл туралы «Украинская правда» порталы хабарлады. Порталдың хабарлауынша, мұндай дүрбелең соңғы 6 жылда бірінші рет байқалып отыр. Украинадан ұшып шыққан чартерлер мен бизнес ұшақтардың арасында Ринат Ахметов пен Борис Колесниковтің де борттары бар. Алайда Колесников Киевтен ешқайда кетпегенін мәлімдеді. Ол жеке ұшағының Прагаға техжөндеуге ұшып кеткенін айтты. Ал Ахметов болса Украинадан 30 қаңтар күні Цюрихке ұшып кеткен. Сол күні бизнесмен Виктор Пинчук те елден ұшып кеткен. Миллионер Игорь Абрамович те 50 жолаушыға арналған бизнес борт жалдаған екен. «ОПЗЖ» депутаты Венаға партияластарының туысқандары мен бизнес әріптестерін жеткізуді көздеген деп жазды «Украинская правда» порталы. Алайда Абрамовичтің өзі әлі бұл мәліметті растаған жоқ.