Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесті.
Жүздесуде 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің сапалы орындалуын талқылады.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Nur Otan Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде.
Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық», - деді Асхат Оралов.