Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта үш-ақ өңір қалды
Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта үш-ақ өңір қалды
Фото: mail.kz
281
оқылды

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы бүгінгі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Бір тәулікте коронавирус 1349 адамнан анықталды.