Түркістан облысында екі кәсіпкерді бір әйел алдаған, – деп хабарлайды polisia.kz.
Келесте полицейлер кәсіпкерлер палатасынан «қайтарымсыз қаржы алып беремін» деп екі тұрғынды сан соқтырған күдікті әйелді ұстады.
Полицияға жәбірленуші екі ер адам арызданып келген. Олардың айтуынша, сырттай танысы «қайтарымсыз ақша алып беремін» деп бірінен 1,6 млн теңге, екіншісінен 700 мың теңге ақша алған. Ақшаны 1 жыл бойы қайтармаған.
Факті ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Полицейлер күдікті әйелді Сарыағаш ауданынан ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны өз қажетіне жаратып жіберген.