Бір жыл болмай жұмыстан кетті – ШҚО-да Денсаулық сақтау басқармасында басшы неге тұрақтамайды?
Бір жыл болмай жұмыстан кетті – ШҚО-да Денсаулық сақтау басқармасында басшы неге тұрақтамайды?
607
оқылды
Шығыс Қазақстанның Денсаулық сақтау басқармасында басшы тұрақтамай тұр. Жақында 2021 жылдың 4 сәуірінде басқармаға басшылық қызметке келген Ермек Омарбековтің жұмыстан кеткені белгілі болды.
«3 ақпанда Ермек Сембайұлы өз еркімен жұмыстан босатылды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін әзірге оның орынбасары Алма Бұрынбетова атқарып отыр» делінген ШҚО әкімдігі таратқан ақпаратта.
Ермек Омарбековке дейін бұл қызметті атқарған Жайық Жұмаханов 2020 жылдың қарашасында басқармаға басшы болып тағайындалған еді. Яғни, 5 ай ғана жұмыс істеген болатын. Ал оның алдындағы басқарма басшысы Ілияс Мұхамеджан 2019 жылдың мамыр айында осы қызметке келіп, 2020 жылдың қазан айында басқа жұмысқа ауысқан-ды.