«Дикий Арман» кімнің басына тапанша тақады? (видео)
«Дикий Арман» кімнің басына тапанша тақады? (видео)
649
оқылды

Қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің қақтығыс кезіндегі тағы бір видеосы жарияланды. Astana телеарнасында көрсетілген видеодан «Дикий Арманды» анық тануға болады, алайды басына тапанша тақаған азаматтың кім екені белгісіз.

Бейнежазбада қолына ақ мата байлап алған адамдар бір азаматты сүйрелеп әкеліп, тізе бүктіріп отырғызады. Артынан «Дикий Арман» оның басына тапанша тақаған сәті көрсетілген. Бұл видео Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде түсірілген. Қазақстанның арнайы прокуратурасы мәліметінше, Алматыдағы «қаңтар оқиғасы» кезінде «Дикий Арман» бейбіт азаматтардың 24-ін қамауда ұстап, оларды ұрып-соққан. Салдарынан бір адам көз жұмған. Экс-боксшы, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің Алматыдағы бүліктің ортасында болғанына, әлеуметтік желідегі кадрлар дәлел бола алады. Ол 7-ші қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен қолға түскен болатын. Иә, бұл туралы осыдан 4 апта бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарнаға берген көлемді сұқбатында айтқан еді. Ал, күні кеше қолдарына ақ мата байлаған бір топ бүлікшінің сол қонақүйдегі бейнебақылау камерасына жазылған бейнежазбасы әлемжеліні шулатты. Жандайшаптары бір азаматты сүйреп әкеліп, тізерлетіп отырғызады. Ал, «Дикий Арманға» ұқсас ер адам оның басына тапанша тақаған сәті көрсетілген. Қылмыстық топтың жетекшісі Дикий Арман, 24 бейбіт тұрғынды күштеп әкетіп ұстаған. Оларды аяусыз ұрып-соққаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Бүлікші бұдан кейін тергеу изоляторына қамалды. Ол темір тордан қашты деген ақпар да тарады. Артынша, қылмыс әлемі серкесі Алматыдағы ҰҚК-нен табылды. Сала ардагері "бейбіт митинг бұзақылар үшін тек сылтау, олар арам пиғылдарын іске асырды", деп отыр. – Оның іс-әрекеті заңсыз. Бұл қылмыс болып есептеледі. Олар жолындағыны қиратып, бұзды, қару-жарақ алды. Ломбардтарды және қаражат, қымбат дүние, мүлік бар жерлерді тонады. Осы әрекеттері үшін оған қандай жаза кесілетінін тергеу жұмысы көрсетеді, – деді Ішңі істер және ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков. Ал, Дикий Арманның деструктивті діни ағындармен байланысы бар ма, жоқ па ол жағы тергеу барысында анықталады. Әзірге полицейлер мен прокурорлар бұл бейнежазбадағы жанжал туралы тіс жарған жоқ.   https://youtu.be/lhptBHiIvXQ