Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
© syr-media.kz
244
оқылды
«Қазгидромет» РМК 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 
Қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
«Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында -5 градус аяздан +5, елдің солтүстік-батысында -3 – 15 градус аяз, солтүстігінде -5-тен -20 градусқа дейін аяз, шығысында және орталығында -3-тен -18 және -13-тен -25 градусқа дейін аяз, оңтүстігінде -8 градус аяздан +5 градусқа дейін, -5 градустан +10 градусқа дейін жылиды», – делінген хабарламада.