Бүгін бокстан Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогының» жартылай финалы өтті.
54 келі салмақта Азияның қазіргі чемпионы қазақстандық Дина Жоламан Италия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы Сирин Чарабиге қарсы шықты.
Жекпе-жек өте тартысты өтіп, 5:0 есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.