Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Софияда (Болгария) өткен халықаралық Странджа турнирінде 54 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
«Кіші әлем чемпионатының» финалына шығу үшін Сабырхан болгар Даниэль Әсеновпен жұдырықтасты. Жекпе-жек 4:1 есебімен Сабырханның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Сабырхан Странджа финалына шығып, алтынға таласады. Махмұд Сабырханның өткен жылы Белградта өткен әлем чемпионатында көрсеткен жарқын жеңістерінен кейін ( «күмісті» алды) ресейлік «неКАРАтэ» YouТube-арнасы украиндық боксшыға ұқсас стиль — техника, жылдамдық, қозғалысына қарап оны «Қазақтың Ломаченкосы» деп атаған болатын.