Коронавирустың күші жойылды: әлемдегі қазіргі ахуал қандай?
Коронавирустың күші жойылды: әлемдегі қазіргі ахуал қандай?
Фото: 24 kz
311
оқылды
Кейінгі екі жылда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі коронавирус  инфекциясымен күресу мәселесімен тығыз байланысты болды, осы уақытта инфекциямен күреске көп көңіл бөлінді. Қазір пандемия жойылып жатқанын білдіретін алғашқы белгілер пайда болып отыр. Коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың  төмендегені 180 елде байқалған, оның ішінде Қазақстан  да бар. Ал әлемдегі  жағдай бойынша, соңғы аптада ауырғандар  саны 20% -ға азайды. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Ошакбаев LIVE» бағдарламасына эксклюзивті  сұхбат беріп, пандемиямен күрес қорытындысы және Үкіметтің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жоспарлары туралы айтты.
Қазақстан ғана емес, әлем коронавирус инфекциясымен күресті. Әрине, қиын кезеңді бастан өткердік. Ералы Тоғжанов алдымен тұрғындармен, азаматтық қауымдастықтармен бірге осы ауыр кезеңді еңсеруге атсалысқан дәрігерлерімізге алғыс айтты.
«Қазір жағдай тұрақталды. Бұған еліміздің барлық қаласының тұрғындары үлкен үлес қосты. Мәселені шешудің дұрыс жолын қарастырдық. 13 наурызда Қазақстанда коронавирусты жұқтырған алғашқы адамдар анықталды. 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен төтенше жағдай енгізілді. Оңай болған жоқ. Бұл кезеңді ең алдымен Қытай, Еуропа елдері басынан өткерді. Уақытында тиісті шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Қатаң шаралар, локдаун енгізілді, мемлекеттік шекаралар жабылды. Жағдайдың оңай емес екенін дер кезінде түсініп, оңтайлы шешім қабылдауға тырыстық. Бүгінде коронавируспен ауырғандардың 98 пайызы жазылып шықты. 2020-2021 жылдары қабылданған шаралар айтарлықтай нәтиже беріп отыр. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижесін білдіреді. Ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 225 елдің ішінде 108-орындамыз. Негізі, өлім-жітім, аурумен күресуде қандай шешімдер қабылдағанымыз маңызды. Соған қарап баға беруге болады», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.