Көлік екіге бөлінген: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік екіге бөлініп қалған. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 26 ақпан күні сағат 10.00-де Павлодар - Семей тасжолындағы Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода
көліктің қатты соққыдан бөліктерге бөлінгені анық көрінеді. Мыжылған металдың қасында қаза болғандардың денесі жатыр.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ 21015 көлігінің 44 жастағы жүргізушісі
көлік тізгінін басқара алмай, Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.