2016 жылғы әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева Софияда (Болгария) өтіп жатқан Странджа кубогының 2022 жылғы күміс жүлдесін жеңіп алды.
Бүгін, 26 ақпанда 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық боксшы ресейлік Дулма Лумбуновамен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, нәтижесінде Ләззат Күнгейбаева төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды – 0:5.
Айта кетейік, Күнгейбаеваның Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші күмісті салды.