СІМ: Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті
СІМ: Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті
Сурет: © AFP 2022 / ARIS MESSINIS
281
оқылды

Украинада кептелісте тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«Соңғы бірнеше күн бойы әлемнің назары Украинада. Біздің Киевтегі елшіліктің қызметкерлері күні-түні жұмыс істеуде. Қазақстанның азаматтарына көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады. Шұғыл ақпарат алмасу, туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында әрине белгілі бір мессенджерде жұмыс чатын аштық. Сол чатта бірге қуанып, бірге күрсініп жатамыз. Украинадағы әріптестерімізге сұрақтарды жаудырып, сол тұрған жерінде жауап бер деп жазатынымыз да бар. Кеше ғана БАҚ-қа арналған брифингте айтып өткенімдей, ҚР азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұрды. Олардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаның аумағында азаматтарымыздың екінші тобы келгенше қонақ үйге орналастырды», - деп жазды Айбек Смадияров Facebook парақшасында.