Маңғыстау облысында әрбір төртінші ұстаздың категориясы жоқ
Маңғыстау облысында әрбір төртінші ұстаздың категориясы жоқ
Сурет: 365info.kz
917
оқылды

Маңғыстау облысындағы мектептерде 12 451 оқушыға орын жетіспейді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы студенттер саны 49,2%-ға дейін төмендеген, - деп мәлімдеді ақпараттық талдау орталығының жетекшісі Мадина Тыныбаева. Бұл туралы Informburo.kz басылымы жазды. 

"Маңғыстау облысында балабақшаларды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі қолға қойылды. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелері мен мектептердің барлығы секундына 4 мегабит интернетпен қамтылды. Бұдан өзге балабақшаларда 1-6 жас аралығындағы балалар үлесінің азайғаны байқалады", – деді Мадина Тыныбаева.
Мұнымен қатар, сарапшы өңірде қосымша біліммен қамтылған азаматтардың үлесі 23%-дан 16,2%-ға дейін төмендегенін айтты.
"Мемлекеттік мектептерде 12 451 оқу орны жетіспейді. Сондай-ақ, жатақханалардағы техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелері ұйымдарының студенттерінің саны 61%-дан 49,2%-ға дейін азайған. Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі бойынша Маңғысту облысы соңғы орында тұр", – деп қосты Мадина Тыныбаева.
Бұдан өзге маман Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында бір де бір мектептің талапқа сай видеомен жабдықталмағанына назар аударды. Өңірде оқушыларға арналған мемлекеттік тілдегі 2 011 оқулық жетіспейді.
"Әрбір төртінші ұстаздың немесе колледж шеберінің категориясы жоқ. Әсіресе, Маңғыстау облысында – 44%, Түркістан облысы – 45%, Алматы  48%", – деді маман.