LIVE: Ресей – Украина соғысы. 5-күн
LIVE: Ресей – Украина соғысы. 5-күн
©А.Ахметқазы
854
оқылды
22:30 - Келіссөздер аяқталды. Бірақ бәрі біткен жоқ. Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляктың мәлімдеуінше, тараптар бірқатар басым тақырыпты анықтады. Олар кеңес алу үшін елінің астанасына оралады. Келіссөздің екінші кезеңі жақын күндері болуы мүмкін. Осы кезде Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды реттеу шарттарын атаған: Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау; Украинаның бейтарап мәртебесі және Қырымды Ресей құрамында деп тану. 21:53 - Зеленский Украинаның Еуропалық одаққа кіру туралы өтінішіне қол қойды. 20:10 - ХОК халықаралық спорт федерациялары мен жарыстарды ұйымдастырушыларға Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына рұқсат бермеуді ұсынды. 19.40 - Ресей мен Украина келіссөзі аяқталды. 19:10 - Беларусьте Ресей мен Украина делегацияларының келіссөз жүргізіп жатқанына екі сағат өтті. [gallery columns="1" size="full" ids="186018,186019,186020,186021,186022"] 19:08Ресей 36 ел үшін әуе кеңістігін жапты. Бұл - барлық ЕО елдері, сонымен бірге Албания, Ангилья, Ұлыбританияның Виргин аралдары, Гибралтар, Джерси, Канада, Исландия, Норвегия. Бұл туралы Росавиация хабарлады. 18:50 - Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы "арнайы әскери операцияға" Ресей Қарулы Күштерінен тек офицерлер мен келісімшарт бойынша істеп жатқан әскери қызметкерлер қатысып жатқанын хабарлады. 18:25 - Енді АҚШ-тың заңды тұлғалары Ресейдің Орталық банкімен жұмыс істей алмайды. Себебі АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің Орталық Банкімен, Ұлттық әл-ауқат қорымен және РФ Қаржы министрлігімен операциялар жүргізуге тыйым салды. 18:20 - Харьковқа шабуыл жиіледі. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко қаланы реактивті қондырғымен (град) атқылағанын мәлімдеді. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Рогань және Алексеевка ауданына түскен бомбадан 3 адам қаза тауып, 14 адам жараланған. Екі ел арасындағы келіссөзден әлі хабар жоқ. 17:18 - Бірқатар ресейлік БАҚ: «Коммерсант», «Известия», ТАСС, "РБК", Forbes, Znak.com сайттары ашылмай қалды. "Новая газета" хабарлауынша, сайттар хакерлік шабуылға ұшырады. Аталған сайттарды жүктеген кезде мынадай бет ашылады. [caption id="attachment_186003" align="aligncenter" width="1200"]«Известия» сайтының скриншоты «Известия» сайтының скриншоты[/caption] 16:20 - Гомельде Ресей мен Украина делегаттарының келіссөзі басталды. Бұл туралы БелТА хабарлады. Кейін БелТА келіссөзден тікелей эфир тарата бастады. UPD: Келіссөз жүргізілетін бөлмеге кірген әйел БелТА-дан тікелей эфирді сөндіруін талап етті. Журналистер залдан шығарылды. 16:09 - Ресейдің Орталық банкі Мәскеу биржасындағы сауда-саттықты ашпайтын болды. Ендігі жұмыс режимі ертең, 1 наурызда Мәскеу уақытымен 9:00-ге дейін белгілі болады. 15:20 - Мәскеу биржасында еуро мен доллар бағамы рекорд жаңартып жатыр. Қазір АҚШ долларының бағамы 109 рубль, еуро бағамы 121 рубльге жетті. Лондон биржасындағы "Сбербанк" қағаздары 75,11%-ға, 1,011 долларға дейін түсті. Ал Kaspi-дің бір қағазы 52 АҚШ долларына дейін жоғалтты. 15:07 - Украина президенті Зеленский үндеу жасады. Оның дерегінше Украинадағы соғыс кезінде 4500 ресейлік әскери қызметші қаза тапты. Атыс салдарынан 16 бала қаза тауып, тағы 45 адам жарақат алған. Сонымен бірге Зеленский Украинаның Еуропалық одаққа қосылу процедурасын шұғыл өткізуді сұрады. Ол Еуропа елдерінің басшыларына қолдау білдергені үшін алғыс айтты. Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі алғаш рет Украинамен соғыстағы шығын туралы мәлімет берді. Бірақ нақты қанша адам қаза тапқанын айтпады. 12:36 - Ахтырка мэрі (әкімі) қаладағы дүкендерді тонағандарға оқиға орнында оқ атылатынын және тауар бағасын көтергендердің ісі тонау болып саналатынын айтты. 11:54 - Бірнеше минуттан кейін осы жерде Украина мен Ресей делегаттары келіссөз жүргізеді. Екі делегация да Беларуське жетіп алған. [caption id="attachment_185959" align="aligncenter" width="1200"]Беларусь, Ресей, Украина, соғыс, келіссөз Ресей мен Украина келіссөз жүргізетін орын. Фото: УНИАН[/caption] - Украинада соғыс басталғалы бері 368 мың тұрғын үйін тастап, елінен кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссар Филиппо Гранди хабарлады. Украина тұрғындары Польшаға, Венгрияға, Румынияға және басқа да Еуропа елдеріне барады. - Әлемнің бірнеше елінде соғысқа қарсы акциялар өтіп жатыр. Амстердам алаңына мыңнан астам адам, Кельнде 5 мыңға жуық адам жиналды, сонымен бірге Мюнстерде, Бакуде, АҚШ-тың Техас штатында көптеген адам жиналып, Украинаны қолдау акциясын өткізді. Ресейдің өзінде 2 мыңнан астам адам соғысқа қарсы акцияға шықты. Оларды полицейлер ұстап әкетті. – АҚШ доллары шамамен 113,5 рубльге, еуро 127 рубльге саудаланып жатыр. Bloomberg бұл тарихи максимум екенін жазды. - Австралия Владимир Путинге және Ресейдің бірқатар жоғары лауазымды тұлғасына қарсы санкциялар енгізді. Олардың қатарында Сергей Лавров, Сергей Шойгу, Михаил Мишустин және Владимир Колокольцев бар. - Аэрофлот Еуропаға барлық рейсін тоқтатты. Еуроодақ Ресей авиакомпанияларына әуе кеңістігін жапты.  - Халықаралық Шахмат федерациясының кеңесі (FIDE) рейтингі жоғары қандай да бір халықаралық шахмат жарыстарында Ресей мен Беларусьтің жалауы ілінбеуге және олардың әнұраны шырқалмауы тиіс деген қаулы шығарды. -G7 елдері бірқатар ресейлік банкті SWIFT-тен ажыратты. - Кейін Лукашенко мен Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен Украина делегаттары кездесетін жерді белгіледі. Келіссөз Украина мен Беларусь шекарасындағы Припять өзенінің ауданында өтеді. Беларусь президенті келіссөздер кезінде ұшақтар, тікұшақтар мен зымырандар ұшпайтынын айтып, сендірген. – Украина президенті Ресей делегациясымен кездесуді Беларусь жерінде өткізуге қарсы екенін айтты. "Қазір жүріп жатқан соғыста бізбен бірге болсаңыздар да, бір жақта емессіздер. Беларусь аумағынан Ресей Федерациясының әскерилері Украинаға зымырандар ұшырып жатыр. Сіздер жақтан атылған зымыран балаларымызды өлтіріп, үйлерімізді қиратып жатыр", - деп атап өтті Зеленский. Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі қайда өтетіні бүгін анықталуы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігі алғаш рет Украинамен соғыстағы шығын туралы мәлімет берді. "Өкінішке қарай, қайтыс болған және жараланған азаматтарымыз бар. Бірақ олардың саны Украинамен салыстырғанда әлдеқайда аз", - деп хабарлады ведомство. Ресей мен Украина соғысы неден, қалай басталғанын мына сілтемеден оқи аласыз.